Саты селолық округінің әкімі С.С. Солтановтың 2014 жыл бойынша есеп беру тезистері

1) Ауыл аймағының қысқаша түйіндемесі
- аула саны – 149;
- тұрғылықты адамдар саны – 612;
а) жергілікті аймақтың мал шаруашылығы:
- 2015 жылдың 1 қаңтарына дейінгі малдың саны: жылқы – 758 бас, ірі қара мал – 2493 бас, қой – 3043 бас, түйе – 3 бас, құс – 556

б) Әлеуметтік нысандар:
- мектеп – 2, балабақша – 1,шағың орталық-1, мәдениет үйі -2, кітапхаңа-2, дергерлік орын -2; дәріхана-1, наубайхана-1, дүкендер-5
в) тұрғын үй шаруашылық нысандары:
- кешенді ауызсу жүйесі -2, ветеринариалық орны-1, мал сою алаңы – 1;

2) 2014 жылғы атқарылған іс-шаралар:
- «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша, ауылға кіреберіс 1,012 км тас жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (жұмсалған қаражат 11000мың тенге); мектепте 2 жаңа жылу қазандығы орнатылды (2800 мың тенге)
- Ауыл аймағында санитарлық тазалау жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 5400 тонна көң-қоқыс, 11 үйдің орны тазаланып, жайылып кеткен қоқыс орны бір жерге үйілді (2170 мың теңге жұмсалды);
- Мектеп жылу жүйесі тұрақты сумен қамтылды (демеушілерден жұмсалған қаражаты – 800 мың теңге көлемінде);
- «Самал» жетілдіру орталығы мен халықаралық «Невада-Семей» АҚ ұйымының көмегімен, аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетілді (550 мың теңге мөлшерінде);
- Аз қамтылған жанұяларға, мүгедектерге, тыл еңбекерлеріне, жалғыз басты тұратың зейнекерге отындық ағаш таратылды;
- Дәргерлік орында күрделі жұмыс жасалды (демеушілерден жұмсалған қаражат – 200 мың теңге шамасында);
- Мектеп ауласында 250 шаршы метр тас жол төселді (демеушілерден жаратылған қаржы – 500 мың теңге көлемінде);
- Мәдениет үйі жаңа орындықтармен қамтылды және ауласына тас жол салынды (қолдаушылардың демеуімен 400 мың теңге шамасында көмек көрсетілді);
- Селолық округінің әкімшілік ғимаратында күрделі өндеу жұмыстары жүргізілді

3) Біздің жетістігіміз:
- Жаңа 1 шаруа қожалығы және 4 жеке кәсіпкерлер істерін бастады;
- 2 шаруа қожалығы, 2 жаңа тіркемелі шалғысы бар тракторға қол жеткізді;
- 17-ші аудандық спорт жарысында, ұлттық ат спортынан 1 орынға ие болдық;
- Бірыңғай ұлттық тестілеуде, білім деңгейі 10 ұпайға өсіп, 3 түлектін түгеліде жөғары оқу орнына түсіп, гранттарға ие болды;

4) Алда 2015 жылға қойылған өзекті мәселелер:
- Ұлы Отан соғысының майдангерлер ескерткішін күрделі жөндеуден өткізу;
- Қараусыз қалған зираттардың сыртын қоршауға алу;
- Жаңа емдеу нысанын салып іске қосу;
- Ветеринарлық жаңа жұмыс орнын ұйымдастыру;
- Қой жүнін қабылдап және өткізу базасын орналастыру;
- Сүт және сүт өнімдерін қабылдау және сату жұмысын қалыптастыру;
- Суармалы бақша жұмысын енгізу;
- Ауыл көшелерін аспалы шаммен қамтамасыз ету;
- Ашық спорт алаңына өңдеу істерін жүргізу;

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala