Қазан селолық округінің әкімі Б.Ж.Бекқожиннің атқарған жұмыс есебінің тезисі

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Қазан селолық округі бойынша - 206 отбасы тіркелген. Халық саны – 917 адам. Жұмыскер ауылында – 571 адам, Қызыл еңбек ауылында – 346 адам тұрады. Жұмыспен қамту органында есептегі кезеңде жұмыссыздар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20 адамға азайып, 12 адамды құрады немесе 37,5%. Жұмыссыздардан жұмысқа орналастырылғаны 2014 жылы 69 адам, оның ішінде 10 адам тұрақты жұмыс орнына, 18 адам ваканттық орынға, 23 адам маусымдық жұмысқа және қоғамдық жұмыстарға 18 жұмыссыз тартылды.
2014 жылы мемлекеттік балалар жәрдемақысы келесі түрде көрсетілді: 2 балаға (1 отбасы) сомасы 34452 теңге.
Селолық округте 2014 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар іске асырылды. Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты бірінші бағыты шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылды:
«Жұмыскер селолық клубы» ғиамаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді 10 млн.697 мың теңге, ауылдан Жұмыскер разъезіне дейінгі жол жөнделді және Қазан орта мектебінің бу қазандықтары ауыстырылды.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» атты екінші бағыты шеңберінде 3 адам мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 6 млн. 800 мың теңге несие алды.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағыты шеңберінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсына № 19 Май колледжінде селолық округтен 1 адам тракторист – машинист мамандығы бойынша оқып шықты.
«Қамқорлық» айлығы аясында жалғызбасты 7 адамға 1 кубтан ағаш берілді. 2014 жылы еңбек ардагерлеріміз З.Қабенова, С.Төлеутаева, Р.Қасымханова, және Ү.Каменова «Ағарту» санаторийінде ем алып қайтты. Жұмыскер селолық клубында мереке сайын іс-шаралар өткізіледі, атап айтқанда, «8 наурыз Халықаралық әйелдер» күніне, «Қарттар» күніне «Көгілдір от» концерттік бағдарламасы өткізіліп, осы шараға округ бойынша зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтамасыз етілген отбасылар, жалғызбастылар шақырылды. Жаңа жыл мерекесіне Жұмыскер және Қызыл еңбек ауылының мектеп жасына дейінгі 78 балаға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Білім беру саласына келсек, селолық округ бойынша 2 орта білім беру мектебі бар, Қазан орта мектебінде 65 оқушы оқуда, 19 мұғалім еңбек етуде, Қазақстан мектебінде 49 оқушы оқуда, 18 мұғалім еңбек етуде. Екі мектепте де былтырғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, Қазан орта мектебінің бу қазандықтары ауыстырылды.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

Біздің селолық округ дәрігерлік амбулаториясы ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Селолық амбулаторияда 1 аға дәрігер, 2 фельдшер, 3 медбибі көп жылдан бері еңбек етуде. Амбулаторияда жалпы практикалық дәрігердің қабылдау кабинеті, стомотолог кабинеті, егу, тексеру, функционалдық диагностика, химизатор, процедуралық кабинеттері, сонымен қатар 2 адамға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Бүгінгі күні амбулаторияның ішінде аптека жұмыс істеуде. Селолық округ бойынша 4 адам онкологиялық аурумен ауырады, қазіргі уақытта туберкулезбен ауыратындар есепте жоқ. Биылғы жылы ауыл тұрғындарына Ақсу қаласының емханасынан автопоезд келіп халықты медициналық тексеруден өткізді. 2014 жылы селолық округте 9 сәби дүниеге келді, 3 жүкті әйел есепте тұр.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл бағытының негізгі саласы мал шаруашылығын одан әрі қарай дамыту болып отыр. Осы бағытта жылдан жылға мал басы өз төлімен өсіп келе жатқанын байқауға болады. Атап айтқанда, 2014 жылғы 1 қаңтарға қара мал 2369 бас, 2015 жылға 2397 бас– 101 пайызға, сиыр 1106 бас, 2015 жылға 1150 бас – 104 пайызға, қой 7066 бас, 2015 жылға 7612 бас - 107 пайызға, жылқы 1242 бас, 2015 жылға 1430 бас – 115 пайызға, бие 475 бас, 2015 жылға 522 бас – 109 пайызға өсті.
Селолық округ бойынша 9 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 2 шаруа қожалығы малды асылдандыру жұмыстарымен айналысады. Олар «Ақтай», шаруа қожалығы «жәбе» асыл тұқымды жылқы шаруашылығы және «Теміржан» шаруа қожалығы асыл тұқымды қазақтың ақ бас ірі қара малын өсірумен айналысады. 2014 жылы «Қизат» шаруа қожалығы «Инвест» субсидиялаумен 2 трактор сатып алды МТЗ – 82, «Теміржан» шаруа қожалығы басқа шаруа қожалықтарына асыл тұқымды 15 бас бұқа сатты.

БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ

Селолық округ бойынша 1 байланыс торабы жұмыс істеуде. Барлығы 159 телефон нүктесі және «Билайн» антеннасы жұмыс істеуде. Барлық ауыл тұрғындары теледидардан «Ел арна», «Хабар», «Евразия» «Қазақстан» каналдарын тамашалап және облыстық радио тыңдауда. 2015 жылға селолық округ бойынша баспасөз басылымдарына жазылу аяқталып 80 пайызға орындалды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala