Қаратерек селолық округі әкімі А.Б. Баденованың 2014 жылғы есеп беру баяндамасының тезистері

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. Қаратерек селолық округінде 993 адам тұрады. Оның ішінде Қаратерек – 880 адам, Х. Сейтқазин ауылында – 63 адам, Тіктоғай бөлімшесінде – 50 адам тұрады. Еңбекке жарамдылары – 540 адам, өздігімен жұмыспен шұғылданатындары – 129 адам, уақытша жұмыс жасайтындар –128 адам. Округ бойынша 119 зейнеткер бар. Барлық отбасы саны – 238. Қаратерек селолық округінде атаулы көмек алатын адамдар жоқ. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын 6 отбасы алады. 2014 жылы тұрақты жұмыспен 14 адам, (мектепке- 2 адам, балабақшаға – 7 адам, пошта -1, КБМ-1 адам әкімшілік-3 адам) ал 15 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмысқа тартылған саны – 92 адам. 2014 жылғы "Қамқорлық" қайырымдылық айлығына мекемелер белсене қатысуда, сонымен қоса шаруа қожалықтары қол үшін береді. Әр бір мекемелер өздеріне бекітілген азаматтарға көмек көрсетіп тұрады. "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы негізінде 2014 жылы 3 адам біліктілігін арттыру курсына жолданды. Бағдарламаның үшінші бағыты негізінде ауыл тұрғыны Каримжанов Куандык 3млн теңгеге малға несие алып, жылқы сатып алды. 10 адам жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып, оның ішінде 5 адам дүкен ұстап ауыл халқын күнделікті тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етіп, қызмет көрсетеді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ. Ауылда 1 медициналық дәрігерлік амбулатория және 1 дәріхана жұмыс істейді. Амбулаторияның медициналық құрамында 1 бас дәрігер, 1 фельдшер, 1 дәріханашы, 4 медбике бар. 2014 жылы 1765 адам дәрігердің жеке қабылдауында болды. Биылғы жылы скринингтік байқаудан 508 адам және флюкардан 478 адам өтті. Жыл бойы дүниеге келген нәрестелер саны –12, қайтыс болғандар - 6 адам құрап отыр. Ақсудың дәрігерлері 2 рет келіп, халықты медициналық тексеруден өткізді.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысы «Нәтижеге бағдарланған оқыту – білім сапасын арттыру негізі» тақырыбында жүргізіліп, өз жұмысын жан-жақты дамыған тұлға дайындауға бағытталған. Мектепте биылғы оқу жылында 119 оқушы оқып қазақ тілінде білім алуда. Мектепте жалпы 27 мұғалім қызмет істейді. Мектепте компьютерлік кабинетері – 3, оның ішінде 49 компьютер орналасқан, 1 мультимедиалық кабинет, 3 интербелсенді тақта кабинеті бар. Мұнда ғаламторға шығуға мүмкіндік бар. 2014 жылы Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші – 97%, 2013 жылы 23%-ға көтерілді. Кiтапхана қоры - 13170 дана, оның iшiнде көркем-әдеби кiтаптар – 8834, оқулықтар мен әдiстемелiк әдебиеттер саны- 4336.
2014 жылы мектеп жаңа жиһаз, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілді:
- Мектепалды даярлық сыныбына ойын бөлмелерімен толықтырылды (7комплект), 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Өзін- өзі тану кабинетіне 3 пластикалық терезе орнатылды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Оқушылардың киімдерін ілуіне арналған витраждық киім ілгішпен жабдықталды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Оқу кабинеттерінің терезелеріне жалюзи орнатылды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Мектеп ғимаратына 5 видеокамера орнатылды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мектепке еркін кіріп шығуына арналған пандус орнатылды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Мектептің кіре беріс екі есігі жаңадан салынды, 185,0 тг қаражат жұмсалды;
- Мектептің жылу жүйесінің мұржасы күрделі жөндеуден өтті, 180,0 тг қаражат жұмсалды;
- Мектеп ғимаратының есік терезелерін ауыстыруға 15760073 теңгеге жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2015 жылы мамыр айында ауыстыру жоспарлануда.
"Балапан" бағдарламасы аясында ашылған "Балбөбек" бөбектер бақшасы қазіргі уақытта өзінің жұмысын тұрақты жасап келеді. Округ бойынша мектепке дейінгі балалар саны - 97, оның ішінде 50-і балабақшада тіркелген. Балабақшада 29 адам тұрақты жұмыс істейді. 2014 жылы балабақшаның құбыры жөндеуден өткізілді. Балабақша ғимаратына 180,0 тг 4 видеокамера орнатылды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ. Ауылда 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана қоры 14623 оның ішінде қазақ тілінде-7808. 2014 жыл бойы 700 оқырман тіркеліп отыр. 2014 жылы түскен кітаптар саны 313, қазақ тілінде 284. Ауылдық кітапханада оқушыларға арналған 2 клуб және ересектерге арналған 1 клуб жұмыс жасайды.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ. Ауыл бойынша 184 телефон байланысы жұмыс жасайды. Қазіргі кезде ұялы байланыспен бүкіл ауыл мен округке қарасты шалғай учаскелер және көршілес ауылдар 100 пайыз қамтылған. Қаратерек селолық округінде "Қазпошта" бөлімшесінің филиалы бар. Қаратерек ауылында ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1 КБМ жұмыс жасайды. Ауыз судың сапасы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Селолық округ бойынша 78 дана көше жарықтандырғыш лампылар орнатылған. 2014 жылға санитарлық тазалық жұмыстарына 1млн теңге бөлінді. Осы қаражатқа аудандық «Майсервис» ұйымымен келісім-шартқа отырып, ауыл келбетін бұзып тұрған иесіз екі қабатты тұрғын-үйлер орны тазаланды.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ. Ауылдың негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады. 2015 жылғы 01 қантар жағдайы бойынша жалпы мал саны төмендегідей: ірі қара мал 2393 бас, оның ішінде сиырлар – 988бас, ұсақ мал (қой-ешкі) – 12909 бас, жылқы – 1723 бас, құс – 661 бас.
Ауылымызда 7 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішіндегі ең ірісі "Май" шаруа қожалығы. 2014 жылы "Жұмыспен қамту-2020 Жол картасы" бағдарламасы негізінде 1 шаруа қожалығы ашылса, 2015 жылдың басында 4
шаруа қожалығының ашылуы жоспарлануда. Жаз бойы шалғай учаскелерінде 16 адам мал шаруашылығында шұғылданды. Қаратерек селолық округінде 1 ветеринарлық дәрігер мен 2 ветеринарлық фельдшерден құралған ветеринарлық пункт жұмыс жасайды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala