Май селолық округі әкімі Қ.Оразаевтың 2014 жылға есебінің тезистері

Ауыл шаруашылығы.

Май селолық округінің экономикалық даму қорытындысы бойынша бүгінгі күні ауыл экономикасының аграрлық секторында 1 шаруа қожалығы, 14 жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді.

Округ террриториясында 185 жеке аула бар, оның ішінде 135 аула мал ұстаса, ал 50 аула әр түрлі себептермен мал ұстамайды.

Қазіргі уақытқа ірі қара мал саны – 1665 бас, қой мен ешкі – 2900 бас, жылқы 267 бас, құстар – 1400 басты құрайды.

Барлық шаруашылық санатарында алынған төл: бұзау 646 бас, қойы мен лақ 1748 бас, құлын 104 бас, тауық 746 бас құрады.

Май селолық округінде ауыл шаруашылық малдарының ауруларына қарсы ветеринарлық-сауықтыру шаралары өтізіліп отырады. Округ бойынша 72 ірі қара мал бруцеллез ауруына шалдығып, барлығы етке тапсырылды. Биылғы жылы 1450 бас ірі қара мал, 2500 бас қой, 260 бас жылқы сырғаланып, дерек қорға ензілді. Алдағы уақытта қалған барлық ауыл шаруашылық төл малдарын сырғалау жұмыстары жүргізіліп, дерек қорға кіргізіледі.

Әлеуметтік сала

Май селолық округі бойынша 640 адам, еңбекке жарамды 400 адам, оның ішінде 145 адам жұмыспен қамтылған, Өзін-өзі қамтыған 172 адам, жұмыс орталығында тіркеуде тұрғандар – 5 адамды құрап отыр. Соғыс ардагері – 1, зейнеткерлер – 95 адам. Мүгедектер – 18, оның ішінде І топтағы – 1 мүгедек, ІІ топтағы – 8, ІІІ топтағы – 6, 16 жасқа дейінгі мүгедектер – 3.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап 12 жұмыссыздар жұмыспен қамтылды, оның ішінде маусымдық жұмысқа 8 адам орналастырылды. Атап айтсақ, Май жалпы орта білім беретін мектебіне – 4 жұмыссыз, Мәдениет үйіне – 3 жұмыссыз, кітапханаға - 1 жұмыссыз, әкімшілікке – 3 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа ең алдымен жұмыспен қамту орталығындағы аз қамтамасыз етілген отбасылар жұмысқа тартылды. Жұмыспен қамту орталығындағы тіркелген 3 жұмыссыз жұмыспен қамтылды.

Қазіргі уақытта “Жұмыспен қамту - 2020” бағдарламасы бойынша “Балдырған” бөбектер балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың қаңтар айының аяғына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады.

             Білім саласы

Май жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдердің біліктілік деңгейі: жалпы 24 мұғалім, оның 22 жоғары білімді, 2-уі арнаулы орта білімді. Оның ішінде жоғары санатты - 3 мұғалім, 1 санатты - 8 мұғалім, 2 санатты - 9 мұғалім, санаты жоқ - 4 мұғалімдерді құрайды.

Қазіргі күні 98 бала мектепте дәріс алуда. Мектептің жанында интернат қызмет атқарады, онда шалғай ауылдардың және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 15 бала тәрбиеленуде.

Мектеп жанынандағы шағын орталығында 2 жастан 4 жасқа дейінгі 33 бала тәрбиеленуде, ал даярлық тобында 9 бала дәріс алуда.

Мектеп компьютерленген, интернетке қосылған, интеративтік тақтамен жабдықталған.

Бүгінгі күндегі мектептің жетістіктері:

1.Мектеп автокөлікпен қамтамасыз етілді.

2.“Балапан” шағын   орталығының тәрбиешісі Егинбаева Майгуль Сериккалиевна “Тәрбиеші болу-бақыт” атты Республикалық конкурстың ІІІ орын иегері.

3. Болкен Асыл “Тұңғыш Президент” атты аудандық сайыстағы белсенділігі үшін марапатталды. Мұғалімі Даулетханова А.А.

4. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің   мұғалімі Муратова Гулайым   Кабдыкаримовнаның оқушылары: Егинбаева А. аудандық “Жарқын болашақ” олимпиадасының ІІІ орын, Әділшін М. ауданда өткен Республикалық “Анама рахмет” атты шығармалар сайысының ІІІ орын Буранбаева В. аудандық “Абай оқулары” сайысының ІІ орын, аудандық “Тәуелсіздік толғауы” атты аудандық шығарма сайысында   ІІІ орын иегерлері.

5. ХХІІІ аудандық оқушылардың жазғы спартакидасының жеңімпаздары, Баянауыл ауданында өткен спартакиаданың ІІІ орын иегерлері , мұғалімі Жанмухамбетов Ерлан Мужықбаевич.

6.3-сынып оқушысы Нұртаза Төле “Оқушы сөмкесінің салмағы қанша” атты тақырыпта облыстық ғылыми жобаға қатысты.Жетекшісі Жекенова Рым Нургалиевна

7.Тарих пәнінің мұғалімі Арыкова Самал Жалеловна, география пәнінің мұғалімі Касиманов Кадырбек Шайжанович, информатика пәнінің мұғалімі Темирова Раушан Рыстаевна Республика көлемінде өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.

8.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Марат Тусупбаев Ильяшович,математика пәнінің мұғалімі Макажанова Гульназ Карлыгашовнамұғалімдердің аудандық пән олимпиадасының   ІІІ орын иегерлері.

9.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адильшина Нуржамал Бейсенбековна “Менің үздік презентациялық сабағым” атты Республикалық сайыстың ІІІ орын иегері болса, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімі

Рахимбекова Жанар Кумаровна Республикалық сайыстың ІІ орын иегері.Оқушылары Республикалық қашықтық олимпиаданың қола жүлдегерлері.

10. Жазғы сауықтыру лагерінің қорытындысы бойынша мектеп “Бала достары” үздік педагогикалық жасақ атты аудандық конкурсында лауреат атанды

11.Аудандық ғылыми жобаға қатысып екінші, үшінші орынға ие болғандарБуранбаева Виолетта, Әділшін Мағжан, Абақ Жанна,

жетекшілері: Г.К.Муратова, С.Ж.Арыкова.

12.Аудандық олимпиадада 2 орынға ие болғандар тарих пәнінен Нургожина Аида мұғалімі Арыкова Самал Жалеловна, биология пәнінен Егинбаева Ажар мұғалімі Каппасова Мейрамгуль Олжабаевна , 3 орынға ие болғандар математика пәнінен Болкен Маржан мұғалімі Макажанова Гүлназ Қарлығашовна, физика пәнінен Болкен Асыл мұғалімі Карипбаева Асель Бериковна.

13.Республикалық «Ақбота» конкурсының 2 орын иегерлері Нұртаза Төле, Қабиден Айдос, Тусупбаев Александр. Мұғалімдері Касенова Алия Садыковна Касимова Жанар Төлеугалиевна.

                Денсаулық сақтау саласы

Ауылда бір фельдшерлік акушерлік бөлімшесі халыққа медициналық қызмет көрсетуде. Биылғы жылы 23 тонна көмір бөлінді.

Фельдшерлік акушерлік бөлімшесінде арнаулы орта білімді 3 медбибі, 1 санитар, 1 автокөлік жүргізушісі, 1от жағушы жұмыс істейді. Фельдшерлік акушерлік бөлімшесі ішінен дәріхана ашылған, қажетті медициналық құралдармен жабдықталған.

Демографиялық көрсеткіштер: 4 сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 6 адам, бүгінгі күнге 2 жүкті әйелдер тіркеуде тұр.

Ауыл жастарының салауатты өмір салтын насихаттау барысында, Май селолық округі бойынша 1- спортзал, волейбол және футбол алаңы бар. Спорттық секцияларға қатысушылар саны -60. Ауыл бойынша 14-29 жас аралығында 106 жастар бар.

Май селолық округі бойынша спорт және жастар ісі жөніндегі әдіскер М.А.Макажанов Май орта мектебінің спортзалында аптасына 5 рет секциялар мен үйірмелер өткізеді.

Ауылдағы жастар мереке күндері өтетін әртүрлі сайыстарға қатысып, би кештері ұйымдастырылады.

Мәдениет саласы

Мәдениет саласына келетін болсақ биылғы жылы 120 тонна көмірге келісім-шарт жасалып, тасымалданды.

Мәдениет қызметкерлері өздерінің бекітілген жоспарлары бойынша бағдарламаларын қойып отырады. Сондай-ақ аудан көлемінде өтетін түрлі сайыс шараларына қатысып, жүлделі орындарға ие. Жоғарыда аталған шараларға зейнеткерлер, ауыл жастары, оқушылар қатысып, өз үлестерін қосуда. Мәдениет үйі компьютермен және телефон жүйесімен жабдықталған. 2014 жылы ноутбук, принтер, проектор, экран, микрофондар, 2 колонка, жалюзи, 2 сахналық киім сатып алынды.

Ауылымыздағы кітапханада 8043 дана кітап қоры бар, оның ішінде 266 дана жаңадан келіп түскен кітаптар. 650 оқырман келіп кітаптар, журналдар алып оқиды. Кітапхана жылда жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.

Ауылымыздың тыныс-тіршілігі жөніндегі мақалаларды, өткізілген іс-шаралар жөнінде аудандық «Шамшырақ» газетіне ауылымыздың тілшілері Иманбаев Малғаждар мен Жанакова Нурбиба, кітапханашы Крыкпаева Толқынай   мақалаларын жазып тұрады.                                                                                                                   

Кітапхана уақытша Мәдениет үйінің бір бөлмесінде орналасқан, компьютер және телефон жүйесімен жабдықталған.

Еңбекші бөлімшесіндегі кітапханада 1922 дана кітап қоры бар, оның ішінде 144 дана кітап жаңадан келіп түсті,оның ішінде қазақ тілінде – 135 кітап, орыс тілінде – 9кітап, оқырман саны – 49 адам.

Бүгінгі күнге селолық округ бойынша газет-журнал басылымдарынан төмендегі деңгейде:

  

Басылымдар атауы

Жоспар бойынша

Орындалғаны

Пайызы

Егеменді Қазақстан

26

31

119

Казахстанская Правда

1

3

300

Сарыарқа Самалы

42

48

114

Звезда Прииртышья

3

12

400

Шамшырақ

66

67

102

Найзатас

1

1

100

Ауылдағы пошта меңгерушісі ауыл тұрғындарына уақытында қызмет көрсетеді, газет-журналдар уақытында Май селолық округінің территориясында электр жүйесінің торабы жұмыс істейді, онда 5 адам жұмыс істейді.

Ауылдағы байланыс торабында 1 адам жұмыс істейді, округ бойынша 170 телефон орнатылған, оның ішінде Май ауылында -161, Енбекші бөлімшесінде – 9 телефон. Оның ішінде қырдағы ИП Жумабаева және ИП Копежанов қыстағында телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

2014 жылдың қараша айында “BeeLine” ұялы телефон желісі іске қосылды.

                       Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру.

Иесіз қалған үйлердің маңайлары тазаланып, көшелер қөң-қоқыстан тазартылды. Барлығы 780 тонна көң-қоқыс шығарылды. Селолық округ бойынша 120 түп (шырша, алма, терек, шетен) ағаштар отырғызылып, мекемелер жұмысшылары, атап айтсақ әкімшілік, Мәдениет үйінің және КБМ жұмысшылары және қоғамдық жұмысшыларшылардың көмегімен отырғызылған ағаштарын жаз бойы суарып отырды. Жеке кәсіпкер Касенов Куаныш соғыс ардагері Сыздыков Магау, Мәдениет үйі мен «Жеңіс» алаңының ағаштарын суару үшін тегін жазғы су берді Рудник және орталықтағы аулалардың бау-бақшаларын суару үшін жеке кәсіпкерлер Касенов Куаныш пен Рахманов Молдабай жазғы сумен қамтамасыз етті. Биылғы жылы көшелерді жарықтандыру мақсатында 85 тегін электр шамдары жұмыс істеп тұр.

Ауыз-сумен қамтамасыз ету.

Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз-сумен толық қамтамасыз етуде 1 КБМ жұмыс атқарады, онда 3 адам жұмыс істейді. Күніне 600 литр су босатылады.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala