Ақжар ауылының әкімі С.М. Құсайыновтың 2014 жылғы есеп беру баяндамасының тезистері

Ақжар ауылы аумағы -21,73 шаршы шақырымды құрайды, елді мекен саны-1, ауыл бойынша 136 отбасы 630 адам тұрады. Еңбекке жарамды 367 адам, оның ішінде 234 адам жұмыспен қамтылған 179 тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы білім беру мектебінде 80 бала білім алуда. Мектепке дейінгі балалар саны 76.
Ауылда 1-жалпы орта білім беретін мектеп, 1-селолық клуб, 1-медициналық пункт бар.
Балалар жәрдемақысы 2отбасы 4 балаға тағайындалды.
2014 жылдың 1-ші қаңтарына жұмыссыздар орталығында тіркеуде тұрғандар 14 адам болса 2015 жылдың 1-ші қаңтарына 6 адам тіркеуде тұр. Олардың ішінен жыл басынан 10 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жыл басынан 13 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 5 адам, маусымдық жұмысқа 8 адам.
Аудандық 007 бағдарламасы бойынша:
- Ауған соғысы ардагерлеріне, мүгедектерге барлығы 13 адамға коммуналдық төлемдерге тоқсан сайын 3704 теңгеден жәрдемақы төленді.
- 18 жасқа толмаған балалары бар 5 мүгедектер отбасыларына 9200 теңгеден бір реттік жәрдемақы төленді.
- Мүгедектер күніне орай 1 және 2 топ мүгедектеріне 11 адамға бір реттік көмек 17000 теңгеден төленді.
Өткен жылы кірісі төмен 8 отбасына бір реттік көмек коммуналдық шығынға, көмір алуға 18520 теңге көлемінде қаражат аударылды.
Сонымен қатар «Қамқорлық» айлығы аясында кірісі төмен 13 адамға, оның ішінде 1 бала жасынан мүгедек балаға ауылдық мекемелер және кәсіпкерлер барлығы 84000 теңгенің материалдық көмегін көрсетті.
Бүгінгі күнге ауыл бойынша мал саны: ірі қарамал -1420 бас, жылқы -189 бас, қой-ешкі -2470 бас, түйе-2 бас, құстың басы- 851.
Ақжар ауылы бойынша 2014 жылы ветеринарлық-диагностикалық шаралар жоспар бойынша атқарылды. Атап айтар болсақ 1500 бас ІҚМ-ан, 2000 бас қой-ешкіден қан алынып бруцеллез ауруына қарсы тексерілді. Сонымен қатар құтырық ауруына қарсы 400 бас ІҚМ, 300 бас ұсақ мал, 50 бас жылқы егілді. Сібір жарасы ауруына қарсы ІҚМ 1910 бас, ұсақ мал 3700 бас, жылқы 190 бас егілді. 1050 бас қарасан ауруына қарсы, 3100 бас туберкулез ауруына қарсы егілді.
2015 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша 3 шаруа қожалығы , 14 жеке кәсіппен айналысушылар тіркелген. Бұл азаматтар өз істерін дамытып, аудан экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуда.
«Рахат» ШҚ, басшысы Альжанов Ж.Т. тарпынан ірі қарамалға асыл тұқымды статус алуға сұраныс жасалды. Алдағы жылдары осы бағытта ғылыми орталықтармен жұмыс жүргізіп асыл тұқымды ірі қарамал өсірумен айналысуды жоспарлауда. Былтыр «Эаря» ЖШС-ен 2 асыл тұқымды бұқа сатып алды. Бүгінгі күнге барлығы 7 асыл тұқымды бұқа бар. Осы шаруашылық «Казагрофинанс»АҚ арқылы өз қаражатына МТЗ-82 тракторын, шөп маялағыш, роторлы шөп шалғы, ПТС-6 тіркеме сатып алды. Бұл техникалардың 50 пайыздық құны мемлекет тарапынан субсидияланып қайтарылып берілді. «Жанакова» ШҚ басшысы Жанакова А.Н. бұл шаруа қожаығында 3 асылтұқымды бұқа бар осы жылы қосымша 1 бұқа сатып алу жоспарлануда. Сонымен қатар Мтз тракторын сатып алу көзделуде.
Қыстаққа ауыл бойынша 4500 тонна шөп дайындалды. Жеке кәсіпкер Капенов Б. 300 тонна шөппен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп артылған 70 тонна шөпті маялап қорға сақтап қойды. Өтен жылы екі рет Павлодар қаласында екі рет Курчатов қаласында өткен жәрмеңкелерге қатысып 700 мың теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері сатылды.
2015 жылдың 1-қаңтарына шағын кәсіпкерлікте тіркелген субъектілер саны 14. Олар негізінен саудамен айналысады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша өз шаруашылығын дамыту мақсатында несие алып мал сатып алуға 2 адам құжаттарын дайындап тапсырды. Осы бағдарламаның үшінші бағыты бойынша бір азамат қайта даярлаудан өтіп механизатор мамандығын алып шықты. Екі азамат ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға жер алып құжаттарын әзілеу үстінде. Осы жылы екі шаруа қожалығын ашу жоспарда тұр.
2014-2015 оқу жылында мектепте 80 оқушы білім алуда. Мектепте 22 ұстаз білім беруде. Мектеп жанында шағын орталық жұмыс істейді, онда 37 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Биылғы оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті, география, психолог 3 жас маман келді. Олар тұрғын үймен қамтамасыз етілген.
Өткен оқу жылында 8 түлек ҰБТ-ға қатысып орташа 55,6 балл жинады. Біздің мектеп аудан мектептері ішінде алдыңғы қатарлы мектептер сапында. Жыл бойы ұстаздар мен оқушылар әртүрлі облыстық және аудандық сайыстар мен олипиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүр.
Өткен жылы мектептің материалдық базасын нығайту барысында 1 млн 50 мың тнг акт залына жұмсақ орындықтар мен пердлер алынды.
370 мың тнг оқу кабинеттеріне жалюздермен ролл-перделер алынды.
136 мың тнг Билайн интернет тарифі орнатылды.
Жылу беру орталығы 236 мың тнг мектеп ғимаратының қасбеті 184 мың тнг ағымдағы жөндеуден өтті.
Мектеп жанындағы шағын орталыққа «Отау-ТВ» жерсеріктік қондырғысы орнатылды.
185 мың тнг балалар ойын алаңына жиһаздар және 100 мың тнг ойыншықтар сатып алынды.
Ақжар ауылының мед пункті Қаратерек ауылдық дәрігерлік амбулаториясына бекітілген. Фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы жылжымалы флюкар келіп халықты тексерістен өткізді. Барлығы 126 адам тексерілді. Жоспар бойынша 17 жасқа дейінгі 127 бала, 18-ден жоғары жастағы 137 адам скринигтік тексерістен өтті. Сонымен қатар облыстық «Денсаулық» автопоезы халықтың денсаулығын қадағалап отырады. Көршілес Курчатов қаласының ауруханасымен ауырған адамдарға жедел көмек көрсету туралы келісім бар.
Спортқа жастарды көбірек тарту және олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында қысқы уақытта белгіленген кесте бойынша мектеп спортзалында командалық ойын түрлерінен секциялар жұмыс істейді. Ауылдың құрама командалары шағын футболдан, баскетболдан Курчатов қаласында, ауданда өткен турнирлерге қатысып жүлделі орындар алып жүр.
Селолық клуб халыққа қызмет етуде. Барлық мерекелік іс-шаралар жиындар осы селолық клубта өтеді. Әр түрлі мерекелік іс шараларды өткізуге 150 мың теңге қаражат қарастырылған сол қаражат толық игерілді. Былтырғы жылы 275 мың тнг концерттік костюмдер алынды. 144 мың тнг бейне проектор экранымен және үш микрофон сатып алынды. Осы жылы селолық клубты күрделі жөндеуден өткізуге жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат қарастыру жоспарда тұр. Сонымен қатар мәдениет үйінде шығармашылық үйірмелер жұмыстарын жандандыру жоспарда бар.
Ауылда селолық кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 6664 дана. Оның ішінде қазақ тілінде 3829 дана, орыс тілінде 2835 дана. Өткен жылы 288 жаңа кітап келіп түсті оның ішінде 215 дана кітап мемлекеттік тапсырыс бойынша 60 дана кітап жергілікті бюджеттен 3 дана кітап облыстық кітапханадан келіп түсті. 2015 жылғы мерзімді басылымдар 12 газет 5 журнал жаздырып алынады. Өткен жылғы оқырмандар саны 384 адам.
2014 жылдың желтоқсан айында жаңа технология бойынша желісіз телефон байланысы орнатылды. Бұл өз кезегінде ғаламтор желісіне шығуға мүмкіндік береді. 74 нүкте жеке тұлғаларға, 6 нүкте мекемелерге телефон орнатылды. Бүгінгі күнге ғаламтор желісіне 13жеке тұлға қосылды. Ұялы байланыс бар. Ауыл тұрғындарының 75 жер серіктік теледидар «Отау ТВ» мен қамтылған. Бұл 55% пайызды құрайды. Ауылдық топтық су құбыры жүйесі жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Май сервис» МҚКК-ың қарамағында. Топтық су құбыры 1986 жылы іске қосылғаннан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бүгінгі күні әбден тозығы жеткен. Кей көшелерге су бармайды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың наразылығын тудырады. Ауылға кіреберіс және ауылішілік жолдарды жөндеуге жобалық сметалық құжаттарын дайындауға осы жылда қаражат қарастыру жоспарда бар.
Абаттандыруға 240 мың тнг бөлініп игерілді. Көше жарықтарын қамтамасыз ету мақсатында 136 мың тнг лампалар және қосалқы бөлшектер сатып алынды. Жолдарды қардан тазалауға 300 мың тнг бөлініп қыс айларында кіреберіс ауыл ішілік жолдар қардан тазаланды.
Көктемде тазалық айлық барысында сенбіліктер ұйымдастырылып мекемелер маңына 80 түп ағаш отырғызылды.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala