Ақшиман селолық округі әкімінің 2014 жылы атқарған жұмыстарының есеп беру тезисы

Селолық округі бойынша 97 отбасы 510 адам тұрады. Оның ішінде зейнеткерлер 44 адам. Еңбекке жарамды 265 адам, оның ішінде 144 адам еңбекпен қамтылған 94-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы білім беретін мектепте 23 оқушы, мектепке дейінгі жастағы балалар саны – 39, Жұмыссыздар орталығында 2 адам тіркеуде тұр.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек балалар жәрдемақысын алатын отбасылар жоқ.

Ауылшаруашылық саласы бойынша

Селолық округтін экономикасында басымды сала ауылшаруашылық саласы. 2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 шаруа қожалығы, 4 жеке кәсіпкер тіркелген. Бұлар бүгінгі күні өз істерін дамытып, аудан, ауыл экономикасына өз үлестерін қосуда.
Селолық округі бойынша ірі қара мал – 2656 бас, қой мен ешкі– 14794 бас, жылқы – 989 бас бар. Өткен жылы "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасына екі шаруа қожалығы қатысып несиеленді және " Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасына бір үміткер қатысып, 1млн. тенге көлемінде несие алып, 40 бас ұрғашы тоқты сатып алды. Малды асылдандыру мақсатында субсидия арқылы 4 шаруа қожалығы 6 бас тұқымдық бұқа сатып алды.

Білім беру саласы бойынша

Білім беру саласының жұмыс басымдығы ол мектепке дейінгі білімнің дамуына ерекше назар аудару, селолық округте 3 және 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен толық қамтамасыз ету бойынша Елбасының «Балапан» бағдарламасын іске асыруға белсеңді қатысуда. «Балауса» бөбектер бақшасы тізім бойынша 20 балаға арналған жұмыс істеп тұр. Биылғы жылы бөбектер бақшасының Жарғысына өзгерістер еңгізіліп, балаларды бір жастан қабылдайтын болды.
Ақшиман жалпы орта білім беретін мектебінде бүгінгі күні 23 оқушы білім алуда. Оларға 12 ұстаз білім береді. Биылғы оқу жылында 3 жас маман жұмысқа қабылданды. Барлық окушылар ыстық тамақпен 100% қамтылған. Өткен жылдың маусым – шілде айларында" Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы арқылы 12 миллион тенге қаражат бөлініп, мектептің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстарға ауылдаң жұмыссыз 6 адам жұмысқа тартылды. 2014 жылдың қыркүйек - желтоқсан айлары аралығында "Мектепке жол" акциясы аясында және Жаңа жыл мерекесі қарсанында аудандық жалпыға бірдей оқыту қорынан аз қамтылған отбасылардың балаларына, яғни 11 балаға 336 мың тенге көлемінде сыйлықтар мен қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар қараша айында ауданда ұйымдастырылған «Президент оқулары» атты мәнерлеп оку сайысына 5-6 сынып окушылары қатысып, бір оқушы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Денсаулық саласы бойынша

Мемлекеттің қарқынды дамуының маңызды шарттарының бірі ол ұлт денсаулығы. Ауылда медициналық пункт жұмыс істейді. Фельдшер және медбибі халыққа қызмет көрсетеді. Саты ауылының медицина пункті дәріханашысы айына 3 рет келіп ауыл тұрғындарына жылжымалы дәріхана арқылы дәрі-дәрмек сатады. Биылғы жылы жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді. Сонымен қоса жылына бір рет жұмыс кестесіне сәйкес жылжымалы «Флюкар», «Саламатты Казахстан» авто поездары ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Мәдениет саласы бойынша

Селолық округте негізгі басымдылықтардың бірі болып табылатын тарихи – мәдени мұра объектілерін сақтау және дамыту. Селолық клуб, кітапхана халыққа қызмет етуде. Барлық мерекелік іс- шаралар жиындар осы мәдениет үйінде өтеді. Әрбір мерекелер өз деңгейінде өтіп тұрады. Үкімет тарапынан бөлінген қаржылар өз керекті жұмыстарына жұмсалды. Ақылы қызметтен 18 мың теңге түсіп, оған клубқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2014 жылы 350 мың теңге қаражат мерекелік шаралар өткізуге бөлінді, жыл бойы 12 мерекелік іс – шара өткізіліп, 14 адам сый сияпатпен марапатталды.
Селолық кітапхана әкімшілік ғимаратында орналасқан, кітап қоры жыл сайын жаңа кітаптармен толығып тұрады. Елбасының жыл сайын дәстүрге айналған Жолдауын оқырмандарға таныстыру, түсіндіру және талқылау мақсатымен кітапханада дөңгелек үстел, пікір талас ұйымдастырылады.
2014 жылдың 7 қазаннан бастап ауыл мекемелерінің жылу жүйелері іске қосылды. Бүгінгі күні барлық мекемелер көмірмен толық қамтылған.
Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі мен денсаулығы, құқығы мен еркіндігі кауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
Ауылда қоғамдық құрылым 7 адамнан құрылған бар. Сарбаз және ерікті жасақ құрамындағы ауыл мекемелердің күзетшілері кезекшілік кестесі бойынша сағат кешкі 19.00 –ден 23.30-ге дейін кезекшілік құрып атқарады.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala