Мәдениет және спорт

Ауданда 15 мәдени объектілері жұмыс істейді, (1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйлері, 10 ауылдық клубтар. Аудандық орталықта өлкетану мұражайы жұмыс істеуде).
Кітапхана жүйесінде 15 кітапхана. Кітап қорын толықтыруға аудандық бюджетінен 2140,0 мың теңге қарастырылды.
Мәдениет үйлерімен және клубтармен 188 мәдени іс-шара өткізілді, аудан кітапханалары 125 кітап көрмесін, 53 әдебиет сағаттарын өткізді. Мұражайда 18 экскурсия өткізілді.


Спорттық объектілер мен ғимараттарының желісі 129 бірлігін қамтиды (оның ішінде 1 стадион, 19 спорт залдары, 8 ату тирі, 4 хоккей қорабы, 97 спорттық ойын алаңдары).
Ауданда бапкерлік-оқытушы құрамы 27 адамнан тұратын және 514 баланы қамтитын балалар-жасөспірімдер 10 секциялы спорт мектебі жұмыс істейді. (оның ішінде еркін күрес, грек-рим күресі, шаңғы жарысы, қазақ күресі, үстел теннисі, волейбол, футбол, хоккей, баскетбол, бокс). Ауылдарда мектептің 7 филиалдары бар. (Кеңтүбек ауылында – қазақ күресі, волейбол, футбол, Майтүбек ауылында - волейбол, үстел теннисі, Баскөл ауылында - қазақ күресі, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, Малайсары ауылында - қазақ күресі, еркін күрес, Қаратерек ауылында - футбол, Саты ауылында - еркін күресі, Қызылеңбек ауылында - үстел теннисі).
Аудандық бюджеттен әртүрлі спорт жарыстарын өткізуге 1749,0. Мың теңге қарастырылып, 142,0 мың теңге бөлінді, игерілгені – 141,7 мың теңге.
280 адамды қамтитын 6 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala