Денсаулық сақтау

Май аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды: Вирустық А гепатиттің алдын алу

Вирустық А гепатиті – бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит А – тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, үй керек-жарақтары арқылы түседі.

Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит А-ны жұқтыруға болады.

Гепатит А-ның негізгі белгілері (вирустық гепатиттің барлық түрлеріне тән):

· Тәбеттің төмендеуі

· Оң қабырғаның астының ауруы

· Дене қызуының көтерілуі 37,5С

· Жүректің айнуы, кейде құсу

· Әлсіздік, дімкәстік

· Зәрдің түсінің қоңырлануы

· Үлкен дәреттің түсінің ағаруы

· Таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.

Вирустық Гепатит А ауруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерлерге барыңыз.

Қорғану шаралары

Жеке адам гигиенасын сақтау:

· Қайнатылған, немесе өз шөлмегіндегі суды ішу

· Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз

Қоғамдық гигиенаны сақтау:

· Әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде суды жұтпаңыз

· Ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолданбаңыз

· Көкіністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз.

СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

Май аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Н.Утеубаева

 


 

Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде 16 медициналық мекеме бар (оның ішінде Көктөбе ауылында 35 орындық 1 аурухана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт (Май және Баскөл ауылдарында), 10 медициналық пункт жұмыс істейді. Дәрігерлік амбулаторияларда күндізгі стационар ашылған (Малайсары ауылында 4 орындық, Қаратерек ауылында – 2 орындық, Жұмыскер ауылында – 2 орындық)).
Медициналық мекемелерде 21 дәрігер және 80 орта медициналық жұмысшы қызмет істейді.
Көктөбе ауылында жеке меншік лицензиялары бар 2 дәріхана. Ауылдарда 9 мемлекеттік дәріханалық бөлімше жұмыс істейді.
Аудандық аурухана облыстық диагностикалық орталықпен видеоконференцбайланыс арқылы жұмыс жасайды.
Ауданда 29 бала дүниеге келді, ана мен бала өлімі тіркелмеген. Аудан бойынша туберкулезбен ауыру көрсеткіші тіркелмеген. Жаңа пайда болған қатерлі аурулар көрсеткіші 146,1.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala