Аудан аумағында жұмыспен қамту саясатын іске асыру барысы

Қазіргі уақытта ашық еңбек рыногында жұмыссыздар саны 448 адам, жұмыссыздық деңгейі 6,0% (2012 ж. 01.01.- 6,1%). 2013 жылы жұмысқа орналасу сұрақтарымен 628 адам келіп, жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздардан 296 (2012ж. 01.01.- 293) адам жұмысқа жолдамамен орналастырылды.

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота беру келісімдегі тараптардың міндеттемелеріне енгізіліп өткен жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 8 мүгедек тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, ал үстіміздегі жылы 4 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмыспен қамтылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды тарту жоспарланды, нақты жолданғаны 66.

Әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған 44 адам оның ішінен 19 әйел адамдар, бір мүгедек, 2 оралман, аз қамтылған отбасынан 2, 50 жастан асқан және бір жылдан аса жұмыс істемеген 39 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына бөлінген 3580,0 мың теңге толық игерілді.

Қоғамдық жұмысқа 250 адам қамту жоспарланды, жіберілгені 391 адам (2012ж.01.01.-392), оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 56 адам, 29 жасқа дейінгі жастар 50 және әйел адамдар 217. Қоғамдық жұмысқа 19106,0 мың теңге бөлініп жұмсалды.

Қазіргі уақытта ресми жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны 72, жұмыссыздық деңгейі 0,9 % (2012ж.01.01.- 1,1%).

2013 жылы ауданда 337 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 51 тұрақты, 286 уақытша. Салалар бойынша ашылған тұрақты жұмыс орындары: ауыл шаруашылығында 20, білім беруде 7 және басқа салаларда 24.

Еңбек рыногында жұмыссыздардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіптік оқулар ұйымдастырылды, даярлау, қайта даярлау курстарына 20 жұмыссыз жіберілді, оқуын аяқтаған 20 адам ауданның кәсіпорындарына жұмысқа орналастырылды.

 

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala