Май ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қаулы жобасы                                Көктөбе селосы

 

 

Май ауданында мүгедектер үшін

жұмыс орындарына квота

белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9- бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес Май ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгімөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу.

2. Осы қаулының орындалауын бақылау Май ауданы әкімінің әлеуметтік сұрақтарына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                А. Қаңтарбаев

 

 

Сыздыкбаев,91434

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala