Ескертпе*
2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.
Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

Сұрақ қосу
Алғысымыз шексіз ! Құрметті Бегзия Зейноллақызы! 2015 жылдың 24 желтоқсанында Аудандық оқушылар үйінде мүгедек балаларға арналған Жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды.Оларды жаңа жыл мерекесімен Елбасының өзі онлайн желісі арқылы құттықтады. Жаңа армандарға жетелейтін жаңа жылдық мерекеге қатысқан барша баланың куанышында шек болған жоқ. Балаларымыз бұл мерекеден үйге өте көтеріңкі қөңіл күймен оралды. Шырша мерекесіне келген балаларға көңіл толтырарлық сыйлықтар тарту етілді. Мерекелік бағдарлама да өте қызықты болды. Әсіресе, оқушылардың және Оқушылар үйі педагогтерінің қатысуымен театрландырылған қойылым мазмұнды болды. Дерттерін ұмыттырып, болашаққа деген сенімді нығайта түскен жаңа жылдық мерекені ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге Май ауданының ата-аналары атынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Барлық ата-аналар атынан Узбеков Мейіржанның әкесі Узбеков Руслан
Құрметті Бегзия Зейнуллақызы! Тәуелсiз елiмiздiң үлкен күш-қуатқа ие болуы, халықтың әлеуметтiк - экономикалық жағдайының жақсаруы – бәрi салық қызметiнiң жүйелi жұмыс iстеуiне байланысты екенiн қайсымыз болсақ та жақсы бiлемiз. Бүгінгі күні салық органдарында білікті мамандар, өз істеріне жауапкершілікпен қарайтын, заң бұзушылыққа бармайтын және өздерінің беделінің арқасында мемлекет бюджетінің түсімін қамтамасыз ететін қызметкерлер ауданымызда адал еңбек етуде. Бұл - мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сөз. Бәрімізге құпия емес, қызметкерлерді көбіне мақтай бермейміз, бірақ мен, яғни Қаратерек ауылының тұрғыны, зейнеткер - Шаймарданова Бағытжан еңбектеріңізді әрдайым жоғары бағалайтынымды атап айтқым келеді. Май ауданы салық комитетінің жер қатынастарын реттейтін бөлімінің бастығы -Тайшибаева Еңлік Ұзаққызы лауазымын абыроймен атқарып келе жатқан, еңбек жолында түрлі жетістіктерге жете білген өз ісінің білгірі. Еңлік Ұзаққызы кез келген уақытта ауылдық салық төлеушілерімен жақсы қарым-қатынас орнатып, біздерге жоғары деңгейде қызмет көрсете білетін жоғары деңгейдегі білікті маман. Әрбір адаммен салық заңнамасының ережелері, салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмыстарын сауатты түрде барынша жүргізе біледі. Салық қызметінің қалыптасып құрылуына маңызды үлесін қосып, жас мамандарды тәрбиелеуде зор еңбек атқарып келе жатқандығына үлкен алғыс айтқым келеді. Май ауданы бойынша Салық басқармасы ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы Адамжанова Акмарал Майданқызы салықтық қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында орасан жұмыс жүргізіп келе жатқан білікті мамандардың бірі. Кәсіпкерлерді тіркеу, оның ішінде электронды тіркеу, арнаулы салық режимдері мен POS - терминалдарды қолдану және т.б. сол сияқты мәселелерді түсіндіріп, салық төлеушілерді толғандырып жүрген сұрақтарға оңтайлы жауап қайтаруға тырысады. Біз, жолдасымыз-Шаймарданов Ғизат екеуміз зейнеткерлік жаста болсақ та, міне 15 жыл көлемінде өзіміздің жеке шаруашылығымызды дөңгелетіп әкеле жатқан жандармыз. 2000 жылдың шілде айында ауылда шағын азық-түлік дүкенін ашып, халықтың ризашылығына бөленіп, көп жетістіктерге жеткендігіміз туралы айтқым келеді. Әрине бастапқыда оңай болған жоқ. Бірақ біз отбасымызбен бірге сол қиындықты женіп, аудандық байқауға қатысып, бүгінгі күні ҚР Жер Кодексінің 2007 жылғы 43 бабына сәйкес Майтүбек ауылы «Қызылқұдық» телімінде орналасқан шаруа қожалығын жүргізу үшін жер пайдалану құқығына ие болдық. Бүгінде салық қызметi саласы – халықпен етене араласатын, елдің элеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып отырған ұйым болғандықтан, қызметкерлер - Тайшибаева Е.Ұ., Адамжанова А.М., жас маман Оразбаев Е.М. қажырлы еңбектерi үшiн шексiз алғысымды білдіре отырып, шын жүректен оларға бейбітшілік пен береке, жетістік пен амандық тілеймін! Қаратерек ауылының тұрғыны, зейнеткер Шаймарданова Бағытжан
Салеметсиз бе! Мен Астана қ.хабарласып отырмын. Анамыз Целинная 14 кошесинде турады. Соншалыкты үлкен аудан неге ауыз суға зар болып отыр?? Колонкаларыңыздағы су адам ішуге жарамсыз екенін бүкіл халық жазыпты сізге. Ал ешбір шара қолға алынбаған.... Су таситын водовоздарыңыз суды тасығысы келген уақытта ғана тасиды ма сонда?? Қанша күн адамдар мал ішпейтін суды ішуде. Қанша рет су мәселесімен айналысатын орынбасарыңызға (Данабек мырза) хабарлассам әкімде болмаса совещанияда деп орнынан ұстай алмадық. Сұрағым: коктобеде тасымалды ақылы қызмет бар ма? Келісімшартқа отыруға да дайынбыз. Адамдар бұл дүниеге адам болып келгесін дұрыс, таза су ішкендері дұрыс ау.... Өтінішім жауапсыз қалмайды деп ойлаймын. Алдын ала алғысымды білдіремін!!
Салеметсиз бе Бекзия Зейнулловна! Биз бес кун болды ауылдан шага алмай отырмыз. Жол жок.ауылымыз аудан орталыгынан 5_6км жерде лондонская. Кентубек округинин 3ши болимшеси.
Құрметті Бегзия Зейноллақызы Ысқақова Сіздің ұйымдастыруыңызбен 2014 жылдың 26 желтоқсан күні "Жаңа жылдық шырша" мерекесі қарсаңында ауданымыздың дарынды, белсенді оқушыларымен кездесу өткізілді. Сіз оқушыларымызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өз сый-сыяпатыңызды жасадыңыз. Осы ықыласыңыздың арқасында кездесуде оқушылар балалық шапағатпен өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Құрметті Бегзия Зейноллақызы, Сізге ата-аналар атынан өскелең ұрпаққа өз ықыласыңызды білдіріп, белсенді оқушыларға көңіл аударғаныңызға зор ризашылығымды білдіреміз. Жалтыр орта мектебінің оқушысы Сахимзадинова Айсананың анасы Мерешова Айнаш.
Есте қалар кездесу 17 маусым күні аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақова өз кабинетінде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп аудан мерейін көтерген, аудан мектептерінің 12 түлегімен ресми кездесу өтті. Көктөбе орта мектебінен 3 түлек қатысты, соның ішінде менің ұлым Оразбай Айбек Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының грант иегері.Кездесу барысында Бегзия Зейноллақызы Ысқақова түлектерге сәт сапар тілеп, «болашақ – жастардың қолында» екенін айтты. Жастар саясатына байланысты мәселелерді талқылап, түлектердің сұрақтарына жауап берді.Кездесу соңында аудан әкімі түлектерге Алғыс хат пен ескерткіш ретінде цифрлық фотоаппарат табыс етті.Бұл кездесу өзінің алғашқылымен ерекшеленеді. Айбек менің тұңғышым, осындай маңызды кездесуге алғашқы рет қатысып, ерекше әсер алды. Мен барлық түлектердің ата-аналары атынан аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақоваға осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін шексіз алғысымды білдіремін.   Май ауданы,Көктөбе мектебінің түлегіОразбай Айбектіңанасы Каржаубаева Гүлнар
Қиялдан туған ой 2014 жылы 18 маусым күні аудан көлемінде «Жас толқын-2014» атты түлектер кеші ұйымдастырылды. Түлектер кеші алғаш рет аудан мектептерінің мектеп бітірушілері біріктіліп, Май ауданы Көктөбе ауылының орталық алаңында өтті. Кешке аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақова ауыл әкімдері, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Кешті ұйымдастыруы жоғары деңгейде болды. Сахнаның баннермен, шарлармен безендіруі, түлектердің өмірінде алғаш рет айқара ашылған қызыл кілемнен өтуі барлығы да, түлектерге және бізге, ата-аналарға үлкен әсер қалдырды. Аттестат табыс ету кезеңінде оқушылардың мектеп қабырғасында жеткен жетістіктері туралы айтылып, түлектердің мәртебесі көтерілді. Аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақова түлектерге ыстық лебізін білдіріп, келешекте алға қойған мақсаттарының орындалуына тілектес екенін айтты. Түлектер атынан Ақжар орта мектебінің түлегі Мутан Ардақ, Малайсары орта мектебінің түлегі Кайролла Аспандияр ұстаздар қауымына өз алғыстарын айтып, артқан үміттерін ақтайтындарына сенім білдірді. Түлектер кеші ән шашуымен, түлектер вальсімен жалғасты. Бірінші кезеңнің соңына аудан әкімінің атынан мерекелік от шашу рәсімі өткізілді. Екінші кезеңі Көктөбе ОМ-де өткізілді. Кеш әсем әндермен, көңілді билермен, түлектерге арналған дастарханмен жалғасты. Әр мектеп өз түлектерінің 11 жыл бойы өткізген қызықты сәттері жайлы көрсетілім ұсынды. Май ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен атқарды. Осы уақытқа шейін үш балам мектепті аяқтады, бірақ осындай әсем де, әсерлі кеш алғашқы рет өтті. Балаларымызға осындай кеш өткізуіне үлкен қолдау көрсеткен аудан әкімі Бегзия Зейноллақызы Ысқақоваға ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз. Май ауданы, Жалтыр орта мектебінің 11-сынып оқушысы Бекбосынова Алуаның анасы Байгутанова Галина
powered by smfaq

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala