Ресми сайт
Май ауданы әкімдігі
2019 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15-00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен "жақын және алыс шетелден асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелу"мәселесі бойынша семинар өткізілді.
Аудан әкімі Марат Ақтаев Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар алаңында «Май ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз-мәслихатын өткізді.
Жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін ұмытатындар үшін, біз мерзім уақытын тексерудің қарапайым әрі ыңғайлы әдісін ұсынамыз.Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз.
Соңғы уақытта павлодарлықтарды алаяқтар көп мазалауда. Белгісіз біреулер өздерін ХҚО қызметкеріміз деп таныстырып, азаматтарға несиелері өтелмеген жағдайда, ЖСН бұғатталатынын айтқан. Несиенің жабылуын талап еткендер азаматтарға әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазып, СМС жіберіп, телефондарына қоңырау шалып мазалаған.
4 желтоқсан күні "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында "Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығының" емдік дене шынықтыру нұсқаушысы А.А. Бояуоваға 16 пәтерлі жалдамалы үйден 1 бөлмелі пәтер кілті табысталды.
Президент тапсырмасына орай қазір жер-жерде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қамқорлық көрсетіліп жатыр. Бүгін сондай игілікті шараның бірі Май ауданының Көктөбе ауылында орын алды. Атап өтер болсақ, аналары қайтыс болған бес балаға төрт бөлмелі пәтердің кілтін аудан әкімі Марат Қамзаұлы тарту етті.
«Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» жалпыреспубликалық іс-шарасы шеңберінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында аудан әкімі Марат Ақтаев аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы 2020 жылдан бастап келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады деп хабарлайды:
19 қазан күні Май ауданының бұрынғы Жалтыр қазіргі Кеңтүбек ауылының 60 жылдық мерейтойы тойланды. Бұл мерекеге орай қайта жөндеуден өткен ауылдық клубтың және ауылдың жаңа стелласының ашылу салтанаты өтті. Мерейтойда киіз үй тігіліп, ауыл жұртшылығына және қонақтарына ас берілді. Сонымен қатар, мерейтойға орай мерекелік концерт, көкпар, аударыспақ, арқан тарту және қазақша күрес ұйымдастырылды.
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.