Май аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары түсіндірілді

Фото к СеминаруМай аудандық сотында қоғамдық бірлестіктіктерінің, коммуналдық қызметтерінің, мемлекеттік органдарының, жергілікті БАҚ-ң өкілдерінің және сот қызметкерлерінің қатысуларымен «Сот кабинеті» сервисінің тиімділігін талдау бойынша кездесу өтті.

Сот төрағасы Ұлжан Рахимбергенова 2014 жылдың 17 қараша айында мемлекет Басшысы сот ісін оңайлатылған технологияларды сот қызметінде қолдану салаларын қомақты кеңейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаның айтты. Сот ісін жеделдету мақсатында және қағаз құжат айналымын қысқарту мақсатында сот ісіне қатысушыларды электрондық хабарлау енгізілді.
Фото СеминарАудандық сот кеңсесінің меңгерушісі Зағипа Жүнісбаева өзінің баяндамасында «Сот кабинеті» сервисі сотқа электрондық арыздарды, талап қою дайындау және беру, оn-line мемлекеттік бажды төлеу, соттың іс жүргізу әрекеттерімен және істің қарау барысымен танысуға мүмкіндік беретінін айтты. «Сот кабинеті» сервисін пайдалану үшін сот өндірісіне қатысушысына электрондық цифрлық қолтаңба алуға және «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу қажеттігін атап айтты.
Шараға қатысушыларға электрондық қолтаңба алу, тіркелу және қолдану тәртібі түсіндірілді. Бұдан басқа статистикалық мәліметтер келтіріліп, 2017 жылдың бес айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы аудандық сотына 167 электрондық арыздар, ал 2016 жылдың көрсетілген мерзімде сервис арқылы барлығы 121 арыз түскені хабарланды.
Талдау барысында қатысушылар «Сот кабинеті» сервисі үйде немесе офиста отырып-ақ, соттың хабарламасын және сот актілерін жедел алуға мүмкіндік беретінін айтты.

Қайнар:
Май аудандық сотының
баспасөз қызметі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala