«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»

Қазақ ұғымы өте қасиетті, қадірлі ұғым. Сондықтан, «арыңды жастан сақта» немесе «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» қағидалары қазақ халқының бойында көне заманнан қалыптасқан. Ол адам дүниеге келгеннен бастап отбасында қалыптастырылған және ол дәстүр – салт түрінде қалыптасып заңға айналған. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі.Қазақ тілі-мемлекеттік тілі, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіруге көмектеседі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру,

әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай тіл саясаты ұлттық үйлесімділік пен мәдениетті сақтауға жәненығайтуға мүмкіндік берумен қатар, ғаламдық бәсекелестікке қажет білімді қаматамасызетеді. Әрбір азаматтың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілдік принципін еңгізу де маңызды.Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеетен қалыс қалмауы үшін бірнеше тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқып, үйренуге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Тіпті, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік материалдар таратылады. Әрине, әр қазақ өз ана тілінде еркін сөйлеп, жаза білу тиіс. Алайда, орыс тілін меңгерудің де маңызы зор. Орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, сондай-ақ әлемдік тілдердің қатарына енген орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті болғысы келетін әрбір ұлт ұмтылады. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы он жылдықта ағылшын тілін оқыту курстары жаппай ашылуда, қазіргі таңда жастардың екіден бірі ағылшын тілін жетік меңгерген.Алайда, тілді дамытатын нәрсе-азаматтардың ана тіліне деген сүйіспеншілік мен оны қастерлеп, киелі дүние санауы.Ана тілі-кез-келген адамның адамшылық қасиеттері мен ұлттық – діни құндылықтарын қалыптастыратын құрал. Әділет департаменті өз құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдарының ережелерін қатан сақтайды. Яғни, қазақ тілінде келіп түскен хаттар мен өтінішке жауап тек қазақ тілінде, сәйкесінше, орыс тілінде келіп түскен хаттар мен өтініштерге жауап орыс тілінде қайтарылады. Сондай-ақ, Департамент жанында аумақтық Терминологиялық секциясы жұмыс істейді. Әр тоқсан сайын аумақтық және құрылымдық бөлімшелелерден келіп түскен тәжірибеде қолдануға қиындық туғызған, яғни орыс тілінен аударғанда қазақ тілінде бірнеше атауға ие болған сөздер мен сөз тіркестері Терминологиялық секцияның отырыстарында қарастыру үшін ұсынылады.

Қорыта айтқанда, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - Қадыр Мырза Әлі атамыз айтып кеткендей, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге әр қазақстандық атсалысуы керек. Мәңгілік ел боламыз десек, ең бірінші ана тілімізді жетік меңгеріп, өскелең ұрпақтың санасына қазақ тілінің қадірін сіңіруіміз қажет. Сонда ғана көптілдік жүйені сақтай отырып, үлкен белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Май аудандық әділет басқармасының
басшысы А.Д. Сәлменова, «ҚЗО»
РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala