Тағайындау

СаринТ2017 жылғы 03 қазандағы № 144 өкімімен 2017 жылғы 04 қазаннан бастап Темірболат Қаблашұлы Сарин аудан әкімінің ауыл жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Темірболат Қаблашұлы Сарин 1959 жылы туған. Білімі – жоғары: 1981 жылы, Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1981 жылы Павлодар облысы Май ауданы «Жалтыр» кеңшары директорының жеке меншік шаруашылықтарын дамыту жөніндегі орынбасары ретінде бастады. Әртүрлі жылдары әр салада қызмет атқарып, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Май ауданының ақпараттық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктесгінің директоры ретінде қызмет етті.

 

2017 жылғы 03 қазандағы № 145 өкімімен 2017 жылғы 04 қазаннан бастап Айбек Сайрамбекұлы Байжасаров Май ауданының мәдениет, БайжасаровАСтілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Айбек Сайрамбекұлы Байжасаров 1990 жылы туған. Білімі – жоғары: 2013 жылы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы Ақсу қаласының 1-ші орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Б. Жылқыбаев ат. балалар өнер мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі, 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Аудандық оқушылар үйі Бұқаралық бөлімінің меңгерушісі ретінде қызмет етті.

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala