«Жақын және алыс шетелден асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелу»

Ввоз скота 2019 жылдың 11 желтоқсанында сағат 15-00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің ұйымдастыруымен "жақын және алыс шетелден асыл тұқымды ірі қара мал басын әкелу"мәселесі бойынша семинар өткізілді.


Аталған іс-шараға Май ауданы әкімінің орынбасары Темірболат Каблашевич Сарин, "V-COM ЖШС" консалтингтік компаниясының бас директоры, ветеринария ғылымдарының докторы Бауыржан Авғанұлы Құрманов, Павлодар облысындағы "қазақ ақбас тұқымды" республикалық палатасының өкілі Ерғанат Әлжанов, ауыл және ауылдық округ әкімдері, фермерлік және шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Карантин, жас төлдерді алып қойғаннан кейін күтіп-бағу, бордақылау және ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Мемлекеттік қолдау (субсидиялау) алу үшін басқа елдерден мал әкелу кезінде шарттар жасау кезінде заң аспектілері түсіндірілді.
"Башлам" ШҚ басшысы Абубакаров Эдиль Эмиревич өз шаруашылығында қолда бар жем-шөп негізінде қосалқы бұқашықтарды бордақылау үшін азықтандыру рационын құру туралы сұрақ қойды. "Майдан" ШҚ басшысы Адамжанов Ерік Майданұлы тұқымдық түрлендіруде қолданылатын бұқашықтардың жасы туралы сұрады. Осы сұрақтарға ветеринария ғылымдарының докторы Бауыржан Авганович Құрманов толық жауап берді.
Жалпы аталған іс-шара фермерлік және шаруа қожалықтар тарапынан белсенді пікірталас пен қызығушылық танытты.

ввоз скота

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala