Жер қатынастары

Май ауданы жерлерінің аумағы 1810654 га құрайды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер – 356952 га, аудан әкімінің жер қорында – 1344978 га. 91 шаруа қожалықтарына берілген жер учаскелерінің жалпы көлемі 111903 га құрап отыр, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағында 160373 га жер бар. Мал бағу, шөп шабу үшін 102 жер пайдаланушыға 39551 га көлемінде жер учаскелері берілген.
Заңды тұлғаларға және азаматтарға жер учаскелерін беру жөніндегі өтініштерін алдын- ала қарастыру комиссиясы жер учаскесін беру жөніндегі барлық өтініштерді қарастырады. 2014 жылдың 5 айы ішінде жер учаскесін уақытша, тұрақты жер пайдалануды беру жөніндегі заңды тұлғалардан және азаматтардан 36 жазбаша өтініштер түсті. Оның ішінде Май ауданы әкімінің шешімімен құрылған жер бөлу комиссиясының шешімімен жерді уақытша пайдалану және жер учаскесін тұрақты немесе жеке меншікке беру жөнінде 29 өтініштің қорытындысы шықты.
Үстіміздегі жылдың 5 айы ішіндегі жерге құқық беруді қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 11 қаулы әзірленіп берілді, оның ішінде пайдалану мақсатын өзгертуі жөнінде -3, жер беру жөнінде -8. Көрсетілген мәліметтерден былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл жұмыс 100 % пайызға мәнді көтерілді. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне актімен бірге меншік құқығы берілді, жыл басынан заңды тұлғалар мен азаматтарға уақытша өтеусіз жер пайдалану үшін 8 келісім – шартқа отырғызылды, жер пайдалану төлем ақысынан 758826 теңге түсті.
Аудан бойынша жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Ревизия науқаны басталғаннан жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарынан өз мақсатында пайдаланбайтын немесе жер заңнамаларын бұзумен пайдаланатын жерлердің көлемі нақтылап анықталды. Сонымен қатар 30 азаматтардың және шаруа қожалықтарының жер телімдерін беру туралы аудан әкімінің қаулыларының күші жойылды. Аудан әкімінің жер қорына 41835 га мемлекеттін меншігіне қайтарылды.
2013 жылы аумақтық инспекцияға 5 хат жолданды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағанына байланысты инспекциямен тексеріс өткізілді және бір жыл ішінде жер телімін пайдалануға кірісу қажеттілігі туралы ескерту жіберілді.
Пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау, алып қою және иесіз мүлік ретінде есепке қою бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияның 2017 жылғы 03 шілдедегі өткізген конкурс туралы ШЕШІМІ
«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер мен
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы
Ауылдық елді мекендерінің жер телімдеріне бағамдық аймақтандыру төлемақысының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Май ауданы елді мекендерінің жеріне бағалау аймақтарының шекераларын және түзету коэффициенттерін айқындаумен жерді аймақтарға бөлу сұлбасы
Ауылдық елді мекендерінің жер телімдеріне бағамдық аймақтандыру төлемақысының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Май ауданының елді мекендеріндегі жер телімдерін жеке меншікке беру кезіндегі төлемдердің базалық ставкаларының ұсынылған коэффициенттері

Copyright © 2014  "Май ауданы әкімінің аппараты" ММ

Сайтты әзірлеу және қолдау: студия Gala